Махамбет өлеңдеріндегі ел арманының көрінісі
Аннотация
Мақалада Махамбет поэзиясындағы ел арманының көрінісі қалай суреттелгеніне басты назар аударылған. Ел мен жердің тәуелсіздігі – Махамбет жырларының негізгі өзегі. Ақын арманы – еліне егемендік алып беру, тәуелсіз болғанын көру. Осы мақсатқа жету жолында ол ештеңеден аянбақ емес. Заманы жүктеген ауыртпалықты мойымай көтеріп, ел үмітін ақтаған Махамбеттердің бүгінгі ұрпақ алдында ары таза, айтқаны ақиқат. Өлеңдерінде Ежелгі дұшпанды жеңіп, өз алдына дербес, тәуелсіз, баянды өмір сүруді ойлап, халқын жігерлендіреді. Мақалада қайсар жүректі ақынның туған жер, атамекен, Отан туралы өлеңдері нысанға алынып, бостандықты, азаттықты аңсаған ақын ұстанымы айшықталады. Халқын отаршылдық езгіден құтқарып, тәуелсіз ел болуын жырлаған ақын поязиясының өзегі бүгінгі Мәңгілік ел идеясымен үндес, сабақтас екені ғылыми негізде түйінделген.