«ЕТІС» ГРАММАТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІ: КОГНИТИВТІ АСПЕКТ
Аннотация
Мақалада қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың мазмұндық және коммуникативтік негізіндегі антропоөзектік сипаты мен антропоөзектіліктің көріну деңгейі көрсетіледі. Мақалада қатынас негізіндегі грамматикалық категорияның антропоөзектілік сипаты көрсетіліп, қолданылу ерекшеліктері анықталады. Түрлі әлеуметтік-демографиялық топтан құралған информанттар арасында эксперименттер жүргізу арқылы жекелеген грамматикалық категорияларды (етіс) сөйлеушілердің қабылдау ерекшелігі, етіс семантикасының тілдік санадағы көрінісін, түсінік деңгейі анықталады. Қазақ тілді сөйлеушілердің тілдік санасында өздік, ырықсыз, ортақ етіс мазмұн межесі мен тұрпат межесі тұрғысынан толық қалыптасқаны, ал өзгелік етіс тұлғалары тілдік санада әлі орныға қоймағаны, оның себептері көрсетіледі. Грамматикалық категориялар концептуалдау және категориялау үдерістерінің нәтижесі екенін көрсете отырып, морфологиялық репрезентация арқылы грамматикалық категориялардағы ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері айқындалады.