ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ОТБАСЫ» КОНЦЕПТІСІ ЖӘНЕ КОНЦЕПТІЛІК ӨРІС

Авторлар

  • Mazhit B. . Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
        66 589

Аннотация

Бұл мақалада қазақ тіліндегі «отбасы» концептісі және «отбасы» концептілік өрісі қазақ халқының дүниетанымы, мәдениеті негізінде тілдегі өзге де баламалы атаулармен салыстырыла отырып зерттеледі. Антропоцентристік бағыт бойынша тілдегі негізгі фактор адам екені белгілі. Адамның қоғамдағы орны дәстүрлі қазақ отбасында қалай жүйеленгені, тарихи негізі мен әлеуметтік қызметі тіл деректері бойынша анықталады. «Отбасы» концептісін зерттеу, талдау барысында қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, мақал-мәтел жинақтары, этнографиялық материалдар кеңінен пайдаланылды. Нәтижесінде «отбасы» концептісі мен концептілік өрісі қамтитын мән адам құқықтарын реттейтін арнаулы жүйе, жазылмаған заң ретінде халық санасына орнығып, ғасырлар бойы маңызын жоймай келе жатқаны белгілі болады. Көпшілік тарапынан аса жоғары маңызға ие «отбасы» концептісі мен оның концептілік өрісін талдау барысында алынған нәтижелер қоғамдық қатынастың ең берік негізі отбасы екендігін дәлелдейді.

Жүктелулер

Как цитировать

., M. B. (2018). ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ОТБАСЫ» КОНЦЕПТІСІ ЖӘНЕ КОНЦЕПТІЛІК ӨРІС. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 167(3), 114–124. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2518