Жедел өткен шақ жұрнағының шығу тарихы

Авторлар

  • Sagyndykuly B. Kulzhanova B. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан,
        37 41

Аннотация

Жедел өткен шақтың -ды (-ді, -ты, -ті) формалары бүкіл түркі тілдерінде қолданылады. Семантикасында да көңіл аударарлық өзгешелік жоқ. Бұл жұрнақ осы себепті де белгілі-белгілі түркологтардың ерекше назарын аударады. Мысалы, О. Бетлинг қимыл есімін жасайтын -дық формасының тарихи дамуынан пайда болды деп таныды. С.Е. Малов көсемшенің көне -ты формантынан шығуы мүмкін деп болжамдайды. Сыртқы ұқсастықтары болмаса бұл формалардың жедел өткен шаққа қатысы жоқ. Мақалада авторлар жедел өткен шақ формаларының арты>ерті көмекші етістігінен пайда болғандығын дәлелдейді. Екі бағытта дамыған: ар~ер буыны жойылғанда -ты/-ті формалары қолданысқа түссе, арты>ерті құрамынан р сонары түскенде е+ді көмекші етістігі тілдік өмірге келген.

Жүктелулер

Как цитировать

Kulzhanova B., S. B. (2018). Жедел өткен шақ жұрнағының шығу тарихы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 168(4), 104–108. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2538