Қазақ мәдениетінің ежелгі қайнар көздері және дүниетанымдық сабақтастық

Авторлар

  • Salkynbay A.B. . әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
        38 91

Аннотация

Мақалада тарихи көне түркі ескерткіштердің ішіндегі ең көлемдісі, әрі тарихи құнды материалдарға бай, әдеби-көркем шығарма ретінде бағаланып жүрген – «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштерінің тілі – өз кезеңіндегі әдеби тіл үлгілері ретінде танылады. Көне түркі тілі – оғуз, қыпшақ, арғу, чығыл, ұйғыр, қырғызға ортақ, түсінікті тіл. Ондағы сөз қолданыстары, тұрақты сөз тіркестерінің жасалуы, ойды көркемдеудегі қолданылған тәсілдері де осы ортақтықты меңзейді. Мұның өзі көне түркілік тайпалардың бір-бірімен етене жақын, байланысы өте тығыз екендігін, бір әдеби тілде сөйлегендігін, бір жазу үлгісін пайдаланғандығын айқындайтын факторлар. Мақалада ұлы даланың қазіргі иесі қазақ халқының тіліндегі монолиттік қасиет пен ұлттық болмыста көнеден келе жатқан тілдік құрылым мен түркілік дүниетаным сақталған деген ғылыми тұжырым жасалады.

Жүктелулер

Как цитировать

., S. A. (2018). Қазақ мәдениетінің ежелгі қайнар көздері және дүниетанымдық сабақтастық. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 168(4), 109–117. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2539