Қырғыз халқының шешендері және шешендік өнері
Аннотация
Мақалада қырғыз халқының шешендері, шешендік өнердің түрлері, сонымен қатар қырғыз халқының шешендік өнерінің дамуы сипатталған. Түркі тілдес халықтар секілді, қырғыз ауыз әдебиетінің де әр алуан жанрдағы үлгілері көп. Қырғыз фольклорында аңыз, ертегі, мақалмәтел, шешендік сөздер кең орын алады. Соның бірі шешендік өнер қырғыз халқының сонау ғасырлардан бері келе жатқан әдеби мұрасы. Шешендік өнер – мемлекет басқару, қоғамдағы адами қатынастарды реттеу, ұрпақ тәрбиесі сияқты өзекті мәселелермен байланысты туып, дамып отырған. Ел мен жер, ұрпақ тағдыры шешілер тұста төрелік айтып, шешім шығарудың әлеумет алдындағы салмағы ауыр болған. Шешендіктің қыр-сыры, шешеннің болмысы, қоғамдағы рөлі, орны мен тұлғасы, шешен сөйлеудің әдіс-тәсілдері ерте кезден-ақ зерттеу еңбектеріне арқау болып келе жатыр.