Әуезовтану» және уақыт өрнектері
Аннотация
Биылғы 2018 жылғы М.О. Әуезов күндеріне орай әлФараби атындағы Қазақ ұлттық
университетiнде жазушы шығармашылығына арналған ғылыми кездесулер, дөңгелек үстелдегі
бас қосулар ұйымдастырылды.
Еліміздің басқа оқу орындарында да жазушы күндерінің құрметiне орайластырылған осындай
iсшаралар өткiзiлуде.
Шын мәнiсiнде, жазушы ұрпақтанұрпаққа рухани азық болып жалғасатын дара ой даналығын
сөз маржандарымен тізген көркем шығармалар қалдырды.
Бiздiң ендiгi мiндетiмiз – сол өлшеусiз байлықты бағалай бiлу, қадiрiне жету. Осы орайда,
«Бiз Әуезовтi жеткiлiктi дәрежеде таныпбiле алдық па?», «Әуезовтану ғылымының бүгiнгi бағытбағдары, жайкүйi қандай, жетiстiктерi қаншалықты, олқы тұстары неде?» деген мәселелер әркез
оқырмандар алдында тұратыны сөзсіз.
Төмендегі мақалада осы сұрақтар төңірегіндегі өзекті ойлар қозғалады.