Мәтін және интерпретация: көзқарастар мен концепциялар
Аннотация
Мақалада көркем шығарманы интерпретациялаудың тәсілдері мен түрлері, олардың
туындауы туралы зерделенеді. Көркем мәтінді түсінуде интерпретацияның түрлі тәсілдері
мен түрлері қарастырылады. Қабылдау мен түсінудің арақатынасы, интерпретацияның негізгі
түрлері мен қызметі, көркем шығарманы түсінудің тәсілдері мен деңгейлері сараптала отырып,
негізгі ойтұжырымдар ғалымдар пікірлерімен дәйектеледі. Интерпретация теориясының негізгі
мәселелері мен олардың туындау себептері айтылады.







