Қазақ поэзиясындағы ұстаз бейнесі және оның тәрбиелік-эстетикалық мәні
Аннотация
Бұл мақалада қазақ поэзиясындағы ұстаз образы сөз етіледі. Жалпы қазақ танымындағы
ұстаз ұғымына тоқталып, қоғамда оның алар орны айтылып өтеді. Жас ұрпақты білім нәрімен
сусындатқан ұстаздай ұлы тұлғаны жырға қосқан ақындар шығармаларын талдай отырып, оның
мәнмағынасын жанжақты ашу көзделген. Бұл тақырыпты зерттеудің қажеттілігіне тоқталып,
оның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қолданысқа енгізілу зәрулігі айтылады. Жастар тәрбиесінде
ұстаздың орнын анықтап, оның поэзиядағы көркем бейнеленуі жанжақты қарастырылған.
Ақындардың образды сомдаудағы тақырыптық идеялық ізденістеріне мән беріледі. Әдебиет пен
тәрбиені ұштастыру арқылы, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің жолдары зерделенген.
Аталған мақалада қазақ әдебиеттануында арнайы зерттеудің объектісіне айнала қоймаған
руханиэтикалық және эстетикалық болмысы бар құбылыс тұңғыш рет тексеріліп талданды.