Ескі қазақ жазба тілінің лексикалық ерекшеліктері хақында
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph15Аннотация
Мақалада алдымен VIII-XIX ғасырлардағы қазақша ресми іс қағаздар тіліндегі төл сөздер мен кірме сөздерден нақты дәйектер алынып, тарихи салыстырмалы тіл ғылымы мен тарихи деректанудың теориялық білімдеріне сай, ескі қазақ жазба тілінің лексикалық ерекшеліктеріне алғашқы адымда ғылыми талдау жасалады. Мұнда төл сөздер жиыны 9 кіші тараушаға жіктеліп, лексикалық қабатына қарай ыждағаттықпен талданса, кірме сөздер жиыны 6 кіші тараушадан құралып, келу қайнарына қарай жан-жақтылы зерттеледі. Сондай-ақ, олардың қазақ тілі даму тарихын жүйелеудегі негіздік рөлi мен қазақ тілі лексикалық қорын ғылыми жолмен сараптап, індете зерттеудегі маңызы баса дәріптеледі.