Ә. Нұршайықовтың деректі көркем прозасындағы шығармашылық тұлғалар

Авторлар

  • Kalkabaeva S.A . , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph8
        27 126

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың деректі көркем прозасында шығармашылық тұлғалар мен әдебиет қайраткерлерінің бейнесін жасау жолында қаламгерлік еңбегі мен шеберлігі сөз етіледі. Мақалада әдебиетте өз орны бар аға буын өкілдері мен замандастарын кейіпкер етіп алған естелік, эссе, хикаялардан бастап, повесть, романдарына дейін қарастырылады. Шығармашылық тұлғаның iшкi әлемiн ашу кiлтi ретiнде деректілікпен қатар, қаламгерлік шеберлікпен қолданған көркемдік тәсілдері мен дара стилі қарастырылады. Мақалада суреткер қаламынан туындаған «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты, «Тоғыз толғау» повесть-монолог сияқты туындылары талданып, М. Әуезов, Б. Момышұлындай ірі тұлғалардың көркем бейнесін жасау шеберлігі сөз етіледі. Мақалада кiм туралы, не жайында қалам тербесе де деректi материалдарға, өмiрдiң ақиқат жайларына сүйене отырып, оны көркем сөз өрнегiне түсiру Ә. Нұршайықов шығармашылығының басты ерекшелігі екендігі дәлелденеді. Кейiпкерлерi тарихи тұлғалар болғандықтан, оның болмысы мен характерiн қаз-қалпында бейнелеуге ұмтылуы, деректi материалдарға жүгiнуi шығармаларының тарихи маңыздылығын да арттыра түсетіндігі айтылады.

Жүктелулер

Жарияланды

2019-06-16

Как цитировать

, K. S. . (2019). Ә. Нұршайықовтың деректі көркем прозасындағы шығармашылық тұлғалар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 173(1), 192–198. https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph8

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение