Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің қазіргі жай-күйі.
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph36Аннотация
Мақалада қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі қарастырылған. Ғылыми айналымдағы
әдістер мен ыңғайлардың қатарындағы маңыздылары мен танымалдары туралы әңгімеленген.
Әр әдістің артықшылықтары мен танымалдылығы туралы сөз етіледі. Қазіргі кезде тілді
оқытудың әдістемесі ерекше бай мазмұнымен көзге түседі. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту
барысында тиімді әрі оңтайлы әдістерді таңдай білу жұмыстың нәтижесін арттыра түседі. Тілді
меңгерту деңгейін арттыруға әртүрлі факторлардың әсер ететіндігі белгілі. Оқытушы білім
беру бағдарламасын құру барысында менталдық ерекшеліктерді, тіл құрылымын, өзге сыртқы
лингвистикалық факторларды ескеруі тиіс.
Шет тілін оқыту барысында ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану оқыту
әдістеріне жаңа даму қарқынын үстейді. Өйткені жеке компьютерлер мен ғаламтор желісінің
пайда болуымен, білім беру жүйесі сапалы деңгейге көтерілді. Дегенмен, қолданыстағы мол
технологиялардың қатарынан тілді оқыту барысында тиімді нәтиже беретін технологияларды
таңдай білу шет тілін оқытумен айналысатын мекемелер мен педагогтердің міндетіне айналуы
тиіс.