Түркі әлемі және «Манас» эпосы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph12Аннотация
Мақалада «Манас» эпосының тақырыптық мәні, уақыт пен кеңістік сипаты, көркемдік-рухани
байлығы және зерттелу тарихы сөз етіледі. Сондай-ақ, «Қазақ, қырғыз халықтарының арасындағы
эпикалық дәстүр байланысы мәселесі де фольклортану тұрғысынан қарастырылады. Эпикалық
дәстүр және қазақ-қырғыз фольклортану мәселелеріне үлес қосқан жазушы, әдебиеттанушы,
зерттеушілердің шығармашылығы да жеке жеке сөз етіліп кеңінен сөз болады.








