Смарт білім беру технологиялары

Авторлар

  • Imankulova S.M, Abdrahmanova Zh.A әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph31
        52 352

Аннотация

Мақалада ақпараттық қоғам жағдайында цифрлық жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне
жылдам еніп, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар енгізуіне әкелгендігі
айтылады. Сөйтіп өмір сүру формасы мен қарым-қатынас жасаудың жаңа әдіс-тәсілдеріне жол
ашқандығы, жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс әкелгендігі
талданады.
«Smart», «Smart білім беру тұжырымдамасының» анықтамасы нақтыланады, мақсаты мен
міндеттері белгіленеді. Білім беру процесіндегі smart-ортаның қалыптасуы сапалы smart-білім
беру үшін қажет екендігі қарастырылады. Қазіргі таңда жаңа білім беру ортасын қалыптастыру,
кәсіби мамандардың сапасын арттыру үшін аталған зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетіледі.
Смарт-білім берудің негізгі принциптері ұсынылады.
Smart-оқытуды интербелсенді білім беру ортасында, біріктірілген оқыту ортасында,
білім беруді дербестендіру мен бейімделу, контентті барлық ЖОО-лармен бірге қолдануды
ұйымдастырудағы икемділігі қарастырылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdrahmanova Zh.A, I. S. (2019). Смарт білім беру технологиялары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 174(2), 220–226. https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph31

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы