Қайрат Жұмағалиев – рухани құндылықтарды жырлаушы ақын

Авторлар

  • Mutiyev Z.Zh Mukhanbetova Zh.O

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph5
        183 96

Аннотация

Қазақ поэзиясының алтын күмбезін көтерушілердің қатарында ақын Қайрат Жұмағалиевтің
есімі алдымен ауызға алынады. Өйткені Қ. Жұмағалиев – лирика тегінің барлық жанрында
қалам тартып, шеберлік байқатқан ақын. Оның шығармашылық өрісінің басым бөлігін поэмалар,
балладалармен қатар лирикалық туындылары құрайды. Қ. Жұмағалиевтің өлеңдерінің тақырыбы
сан алуан. Әу баста балалар ақыны боп қалыптасқан қаламгердің бертін келе саяси-әлеуметтік
тақырыпқа ден қоюы оның азаматтық ажарын танытатын туындыларымен ерекшелене
түсті. Суреткерлік шеберлігі әбден пісіп жетіле келген ақын бірте-бірте өз ұлтының рухани
құндылықтарын жырлауға көшті. Халық ұғымына жете таныс, ұлт намысын, ұлт рухын оятатын
тақырыпты жете қаузау арқылы ақын Қ. Жұмағалиев оқырманын рухани құндылықтарды аялауға
тәрбиелейді. Оның поэзиялық туындыларының басты ерекшелігі – ақын ұлт мінезін, ұлттың жеке
өзіне тән тектілік қасиетін жырға қосады. Ақын ұлы даланың қорғаны болған бабаларымыздың
елдік, ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ете толғанады. Қазақ халқының бастан кешкен тарихи
оқиғаларын, сайын даланың бауырына бүккен сан қилы оқиғаларын кейінгі ұрпаққа тәптіштеп
жеткізуде ақын біршама ізденістерге барған. Тарихта ізі қалған аты мәшһүр тұлғалардың өз
халқы үшін атқарған ізгілікті істерін ақын бүгінгі тәуелсіз ел ұрпағының ұмытпауын қалайды.
Олардың ел игілігі жолындағы бастан кешкен сан қилы іс-әрекеттерін ақын тарихи деректерге
сүйене отырып, өткен оқиғаларға жан бітіре, шолу жүргізе жырлайды. Ақын өлеңдерінің алтын
арқауына айналған және бір іргелі тақырып – ол қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі. Атадан
балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрдің бүгінгі ұрпақтың бойындағы көрінісін ақын өз
өлеңдерінде нанымды, риясыз бейнелейді. Халықтық педагогиканың ажырамас, құрамдас бөлігі
саналатын үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды атрибуттарын бүгінгі қоғам өкілдері қалай сақтап жүр
деген мәселелер Қ. Жұмағалиев туындыларында өзекті һәм зәру тақырыпқа айналған. Мақалада
ақынның рухани құндылықтарды жырлаудағы тақырып аясы, идеялық мақсаты танылады, қоғам
мүшелерінің елдің өткені мен бүгінгі өмірге көзқарасын ақын қаншалықты жырлай алғандығы
оның өлең-жырларына әдеби, ғылыми талдаулар жүргізу арқылы дәйектеледі

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhanbetova Zh.O, M. Z. (2019). Қайрат Жұмағалиев – рухани құндылықтарды жырлаушы ақын. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 175(3), 32–37. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph5

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение