Оралхан Бөкейдің көркем очерк-эсселері мен прозасындағы сабақтастықтар

Авторлар

  • Ybyraikyzy G, Abdikulova R.M.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph9
        68 338

Аннотация

Мақалада Оралхан Бөкейдің көркем очерк проблемасын қазақ журналистикасында
алғашқылардың бірі болып көтеруі, оның көркем шығармаларындағы публицистикалық сарын,
жазушының замандас бейнесін сомдаудағы өмірлік негіздерді арқау ету машығы, шығармашылық
бағытындағы модернистік айқын нышандар, жазудағы тіл қолданыс ерекшелігі, көркемдеу
амалдарындағы оңтайлы, дағдылы тәсілдер нақтылы саралауларға тартылып отырып, өзіндік ой-
пайымдаулар жасалды.
Жазушы Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасын игерудегі шығармашылық зертхана проблемасы
туралы, оның журналистік тәжірибесінің көркем прозадағы ықпалы тұрғысында нақтылы мәтіндік
салыстырулар жасалып, көпшілік туындыларының көркем очерктен шығармашылықпен дамытыла
отырып көркем әңгіме, повесть, романның сюжеттік арқауына ойысу фактілері алғаш рет арнайы
мән беріліп зерделенді. Бұл мәселе ара-тұра айтылып жүргенімен, біз өз еңбегімізде «Құм мінезі»,
«Қайдасың, қасқа құлыным», «Ел мен жер» сынды туындыларын салыстыра қарастырып, мәселенің
Оралхан Бөкейдің жазушылық жолындағы елеулі фактор екендігіне мән бердік.
Жазушының әлем әдебиетіндегі жаңа иірімдердің деңгейінде шығармалар туғызған
суреткерлік сезімтал түйсігі, сұңғыла танымы, ой, идея айтудың озық үлгілері, байсалды
жазушылығы туралы жинақтаушылық мәнде де, жеке талдау үлгілерінде де суреткерлік
тылсымын ұғынуға талпыныс жасалды.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdikulova R.M., Y. G. (2019). Оралхан Бөкейдің көркем очерк-эсселері мен прозасындағы сабақтастықтар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 175(3), 58–65. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph9

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение