Қазақстандық БАҚ: жаһандану және рухани жаңғыр
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph13Аннотация
Қазақстандық БАҚ-та бүгінде қалыптасқан жағдай ақпараттық және компьютерлік
технологиялардың орасан қоғамдық күшке айналғандығын, қоғамдық сананы қалыптастырудағы
рөлі арта түскендігін, жауапкершілігі де ұлғайғандығын көрсетеді, жұмысты ұйымдастыруда,
ақпарат жинау мен таратуда жетекші мәнге ие болғандығын шегелей түседі. Қазақстандағы БАҚ-
тың болашағы да әлемдік факторларға байланысты. Керісінше, ашық саясат ол арақашықтықты
жақындата түсті, кедергілерді жойды. Сонымен бірге, біздің БАҚ та өркениет болашағы үшін
жауапкершіліктен сырт қала алмайды. Яғни, елімізде орын алып отырған қиындықтарды тез
жеңуге, экономиканы көтеруге, экологияны, басқа да әлеуметтік проблемаларды шешуге,
халықтың білімі мен мәдениетін көтеруге, басқа да рухани сұраныстарын қанағаттандыруға,
ғылыми техникалық жаңалықтарды өмірге енгізуге ықпал етіп, қоғамдық күш ретінде
жауапкершілікті өзіне алғанда БАҚ-тың да беделі өсіп, танымалдығы арта түседі. Билік
институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын
асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен
бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын
түбірімен түрлендіріп жіберді. Бүгінгі БАҚ-та қалыптасқан жағдай ақпараттық және компьютерлік
технологиялардың орасан қоғамдық күшке айналғандығын, қоғамдық сананы қалыптастырудағы
рөлі арта түскендігін, жауапкершілігі де ұлғайғандығын көрсетеді, жұмысты ұйымдастыруда,
ақпарат жинау мен таратуда жетекші мәнге ие болғандығын шегелей түседі.