Қазақтың неке туыстық терминдерінің әлеуметтік-мәдениеттік функциялары

Авторлар

  • Muldagaliyeva A.A Okusheva G.T Orazbekova I.G

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph15

Аннотация

Мақалада туыстық қарым-қатынастарды зерттеулердің әртүрлі аспектілері талқыланады,
атап айтқанда: туыстық жүйенің дамуында қандай себептер орын алды және неге ол адамдар
мен қоғам үшін маңызды болды, туыстық қарым-қатынастарды зерттеулерінің жаңа теориялары,
инсест-табу, туыстық терминдер және мінез-құлық кодексі. Тарихи дамуы кезінде адамзат
қоғамында туыстық қатынастар бірлестікті, ынтымақтастықты және ресурстарға қол жеткізумен
байланысты жанжалдар мен шиеленістерді шешуді қамтамасыз ететін күшті механизм болды.
Инсестке тыйым салу – бұл дені сау ұрпақты өмірге әкелу, сондай-ақ, салауатты гендік қорды
сақтаудың қуатты механизмі болып табылады. Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерге
байланысты отбасылар мен туыстық қарым-қатынастарды зерттеудің жаңа концепциялары пайда
болуда. Осы мақалада қарастырылатын тағы да бір қызықты тақырып – қазақстандық туыстық
аффиналдық жүйесі және ішкі тәртіп кодексі. Қазақтар арасындағы туыстық қатынастар
жүйесі өте тармақталған және басқа халықтар үшін, әсіресе неке арқылы туыстық терминдерін
және қарым-қатынас заңдылықтарын шетел студенттеріне түсіну қиын. Осыған байланысты
лексиканың бұл тобын зерттеу өзекті болып табылады, өйткені қазақ қоғамында туыстық қарымқатынастар әлі де маңызды рөл атқарады және туыстар арасындағы мінез-құлық дәстүрлері
айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Жүктелулер

Жарияланды

2019-11-28