Қазақ және ағылшын тілдеріндегі метеорологиялық метафораларды талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph18Аннотация
Бұл мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі жел сөзімен байланысты метафоралар және
олардың ерекшеліктері қарастырылады. Материалдар негізінде ағылшын және қазақ тілдерінің
ұлттық корпустары қолданылған. Зерттеу нәтижесінде 300-ден астам метафоралық мысалдар
анықталды, қазақ және ағылшын тілдеріндегі желдің метафоралық түрде қолдану ерекшеліктері
әмбебап және бірегей болып келеді. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты wind/жел сөздерінің
тақырыптық тобына жататын ағылшын және қазақ метеорологиялық лексикасының метафоризация
процестерін анықтау болып табылады, осылайша талдау барысында түрлі түсіндірмелі, аударма,
фразеологиялық және терминологиялық сөздіктер қолданылды. Салыстырмалы зерттеу
нәтижесінде анықталған мысалдарындағы жел метафоризациясының ең продуктивті және
продуктивті емес тәсілдері, сондай-ақ екі тілде кездесетін эквивалентті және бейэквивалентті
бірліктер зерттелген болатын. Жел адамның өміріне әсер ететін көрінбейтін дерексіз күш болып
келеді. Бұл мақалада авторлар метафоралық мағынадағы лексикалық бірліктерді ағылшын және
қазақ тілдеріндегі сандық құрамын белгілеген және зерттеудің практикалық материалдарын
жаппай іріктеу методикасымен анықтаған болатын. Метеорологиялық тақырыптарымен
біріктірілген ағылшын және қазақ мәтіндерінде метафоралық мағынада қолданылатын жел
сөзінің тілдік вербализациясы біркелкі емес, бұл ұлттық тілдердің тарихи даму ерекшеліктеріне
және басқа да лингвомәдени факторлармен байланысты болып келеді