Н. Гоголь және А. Чехов. Екі шенеуік пен екі генерал

Авторлар

  • Zh.K. Azkenova .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph2
        30 35

Аннотация

Мақалада мәтінді персуазивті бағдарлама ретінде зерделеу тәжірибесі қарастырылған. Зерттеу нысандарын таңдау автордың оқырманға әсер ету мүмкіндіктеріне негізделеді, оның ішінде перлокутивті әсер (әзіл) назарға алынады. Сондай-ақ баяндау әдістерін
талдау тәжірибесі де басшылыққа алынды. Зерттеуде өзектілігі ретінде мәтінді рефереттілік,
шығармашылық және рецептивті бағытта зерделеуі автордың оқырманға илокутивті әсерін
метамәтіндік таңбалардың қызметі арқылы анықтау мақсатын қояды. Перлокутивті әсерлерді
зерттеу комиканың құрылымы мен күлкі мәдениетін экспликация аспектілері аясында қарастыруға
мүмкіндік береді.
Талдау алгоритмі: авторлық репрезентация көрінісі, кейіпкерлердің коммуникативті-сөйлеу
әрекеті, кейіпкерлерге не болғанын, жазушылардың олардың өлімін түсіндіруі, типологиясы
және өзге генералдардың өзіндік ерекшелігі – авторлық қатысым және оның әсері, ойлап
табылған оқиғаның шынайылық белгілерінің анықталуына мүмкіндік береді. Зерттеу пәні
ретінде риторикалық модаль түрлері – білім, түсіну және нанымдар назарға алынды. Олардың
алғышарттармен бірге иконикалық дискурсивтілік туындататындығы дәлелденді. Күлудің
риторикалық табиғатын зерттеу күлкінің қосарлылық жағын ашты, әрі кейіпкердің әлеммен
бейвербальды байланысының құндылығын көрсетті.
Ерекшелігі. Гоголь мен Чеховтың әңгімесі физиологиялық маркерлердің рөлі мен өлім
иллюзиясын анықтау негізіндегі иеліктен шығару мотивациясын баяндайды. Персуазивті
бағдарлама сонымен қатар күлкі мәдениеті мен православты-аксиологиялық толғаныс бағытын
талдауға жол ашады. Риторикалық емес (дискурстық) және құрылымдық тәсілдерді қолдану
мәтіннің екітараптық байланысы мен риторикалық модаль түрлері арасындағы байланысты
көрсетуде қолданылады. Риторикалық модальділіктің аллюзивті иконикалық дискурсивтілік көзі
ретіндегі рөлі анықталды.
Оқырманға жазушылардың перлокутивті әсер етуінің айырмашылығы мен ерекшелігі
көрсетілді. Мәтіннің баяндау сипатының екітараптық оқиғамен байланысы анықталды. Ол
метамәтіндік таңбалар – сюжеттің белсенді субъектілері мен баяндау дискурсы қызметін
атқарғанда анықталады.

 

Жүктелулер

Как цитировать

., Z. A. (2020). Н. Гоголь және А. Чехов. Екі шенеуік пен екі генерал. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 12–19. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph2

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение