Британдық балалар әдебиеті және оның бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі

Авторлар

  • Aliyeva S.N .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph9
        38 45

Аннотация

Мақалада британдық балалар әдебиетінің даму бағыты және оның баланың тұлға
болып қалыптасуындағы рөлі баяндалады. Балалар әдебиетінің дамуы кітап нарығында балаларға
арналған кітаптардың көбеюі негіз болып отыр.
Мақала авторының айтуынша, ертегілер британдық балалар әдебиетінің айнымас бөлшегі,
Эзоп дәуірінен қазірге дейін өте танымал жанр екендігін алға тартады. Ертегі жанрының ең негізгі
ерекшелігі оның тәрбиелік және моралдық элементтерінің сақталуы болып отыр. Бір жағынан
ертегілер арқылы оқырманға адам бойындағы мінез-құлықты және өмірлік жағдайларды жан-
жануар мен өсімдік әлемімен жеткізіп отыруы өте әсерлі.
Британдық балалар әдебиетінің әр түрлі тарихи кезеңдерінде тәрбиелік мағынадағы
кітаптарды басып шығару әрқашан маңызды болған. Алайда XVIII ғасырдағы балалар әдебиетінің
үлгілерінде, сонымен бірге көптеген баспалардың басты мақсаты балаларға рухани ләззат сыйлап қана қоймай, ата-анасы өз балаларының бойынан көргісі келген әрекеттер мен амалдарды үйрету
саналған.
Мақала авторы британдық балалар әдебиетіндегі бала тұлғасын қалыптасыруға ықпал ететін
элементтерді анықтауға аса назар аударады.
Және де мақалада жазушы сөзінің әр ғасырда сол кездің әлеуметтік, саяси өмірін бейнелеп,
баланың өмірлік жолына, оның дамуына септігі тиетіндігін айқындайды.
Мақала авторы британдық жазушылардың балалар әдебиетіне байланысты әдеби сын
жұмыстары, көркем әдеби сипаты фактілерінің маңыздысын анықтайды. Бала тұлғасының
қалыптасуы мен тәрбиесінде балалар әдебиетінің әр кезеңі маңызды рөл атқарады. Соның бірі
XIX ғасырда пайда болған Викториандық кезең Британдық балалар әдебиетінің ең гүлденген
кезеңі саналады. Осы аталған кезеңнің көрнекті өкілі Чарльз Диккенс балалар әдебиетінің
дамуына қайталанбас үлес қосқан. Зерттеуші британдық балалар әдебиетінің дамуына әсер
еткен бағыттарды да айқындап көрсетеді. Мақала авторы балалар әдебиетінің маңыздылығын
және оның кішкентай оқырмандарға ғана емес дүниежүзіндегі оқырмандарға әсерін баяндайды.

Жүктелулер

Как цитировать

., A. S. (2020). Британдық балалар әдебиеті және оның бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 66–71. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph9

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение