Қазіргі ағылшын тілі эвфемизмдерінің функционалды аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph13Аннотация
Мақала тіл білімінің өзекті мәселелесі болып отырған эвфемизмдердің функционалды
жағынан зерттеуге бағытталған. Зерттеу барысында ағылшын тілі эвфемизмдерінің, соның
ішінде жаңалықтар, саясат пен бизнеске қатыстыларының стилистикалық мүмкіндіктері және
оларды қолданудың тәсілдері анықталды. Осы арқылы ағылшын тілі ресурсының тереңділігі
аңғарылады. Сонымен қатар Грециядағы кризис және Еуро одақтың қазіргі жағдайына қатысты
жаңалықтардан үзінділерге стилистикалық анализ бен кешенді семантикалық талдау жасалды.
Жаңалық мәтіндерінің көп функционалдылығын ескере отырып, мәселен, BBC, VOA, CNN-
нің ресми сайттарынан алынған мәтіндер (саяси, экономикалық және т.б.) зерттеу жұмысының
мақсатын аша түсті. Яғни, зерттеу жұмысының басты мақсаты фразеологиялық эвфемизмдерінің
функционалды аспектілерін қарастыру болып отыр. Зерттеу жұмысының мақсаты мынандай
міндеттерден тұрады: қазіргі қоғамда бар эвфемизмдер мен диспемизмдердің теориялық
принциптерін зерттеу; негізгі аспектілерді анықтау, соның ішінде адам өмірінің түрлі әлеуметтік
салаларындағы эвфемизмдердің функционалды аспектілерін анықтау. Зерттеудің жаңашылдығына
ағылшын тіліндегі эвфемизмдердің функционалды аспектілерін қарастыру тіл білімінде алғаш
рет қозғалуы жатады. Мақаланың зерттеу объектісі болып жаңалық материалдары бар bbcnews.com болып табылады. Онда ағылшын тіліндегі эвфемизмдерді аутентикалық формасынан
зерттеуге мүмкіндік бар. Мақаланың зерттеу пәні адам өмірінің барлық әлеуметтік жағын
қамтитын салаларында қолданылатын эвфемиздерге талдау жасалады. Олар семантикалық және
мәнмәтіндік анализ бен функционалды зерттеу бағытында қарастырылады. Зерттеу кезінде BBC,
VOA, CNN ағылшын тіліндегі ресми сайттардан алынған материалдар, шетел ғалымдарының
теориялық еңбектері мен оқулықтары қолданылады. Және де қазіргі ағылшын тілінің эвфемизм
сөздігі де пайдаланылған.