Тарихи роман мәтініндегі парцелляция – ұтымды тәсіл

Авторлар

  • K.K. Ensebaeva .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph17
        107 90

Аннотация

Мақалада тарихи роман мәтінінің синтаксистік құрлымының кейбір ерекшеліктері
назарға алынады. Жазушы мәнерін танытатын маңызды сала стилистика мен синтаксис екені
басшылыққа алынады. Тарихи романдар мәтінінде актив қолданылған синтаксистік-стильдік
тәсілдің бірі – парцелляция құбылысы. Парцелляция дегеніміз – фразаны, ойды, сөйлемді
бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді, не мәтінді жеке өз алдына аулақтатып орналастыру.
Жазылған мәтіннің дұрыс, адекватты түсіндірілуі қабылдаушының жоғары интеллектуалдық
және эмоционалдык белсенділігіне, қабілетіне байланысты болады. Сондықтан казіргі заманғы
прагматикалық аспектідегі лингвистикалық зерттеулерде реципиенттің эмоционалдық күйін
прагматикалық параметрлер қатарына жатқызуға толық негіз бар. Ғаламның бір бейнесін
көрсете отырып, адамның рухани әлемі оның сөйлеу әдебінен көрінеді, тарихи романдар мәтінін
талдауда коммуникативтік прагматикалық әдісті қолдануды қажет етеді. Әбіш Кекілбаев пен
М. Мағауиннің шығармасы мәтінінде парцелляция арқылы белгілі бір ситуацияға екпін түсіру
мақсатын көздейді. Мысалы: Ораз-Мұхамед өзінің сол жағында, әдетінше сәл қалыңқы келе
жатқан Ай-Шешекке қарады. Сұлбасы ғана қарауытады. Үнсіз. Қимылсыз. Астындағы аты ғана
қатарласқысы келіп, тізгінін соза тартатындай. Көк шымды солқылдата басысында ілгері емінген
сабырсыздық бар. Ал арттағы, әдепкіден гөрі жақынырақ жерде келе жатқан жасауылдардың
аттары зордың күшімен, әрең ілесетіндей.

Жүктелулер

Как цитировать

., K. E. (2020). Тарихи роман мәтініндегі парцелляция – ұтымды тәсіл. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 122–129. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph17