Тілдің әлеуметтенуі нәтижесіндегі тілдік қалау мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph18Аннотация
Мақалада қазақстандық жастардың білім саласындағы тілдік қалауы қарас-
тырылады. Тілдік қалау ұғым ретінде жақында ғана лингвистикалық талдаудың объектісі ретінде
қарастырыла бастады. Әлеуметтік тіл білімі бағытында адамның тілдік қалауын анықтау үшін,
алдымен, тілдік таңдау және тілдің беделі сияқты феномендерге жүгіну қажет. Қазіргі таңда білім
саласында түрлі өзгерістердің орын алып жатқанына куәгерміз, ал олар өз кезегінде жастардың
тілдік қалауына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда қазақстандық студенттердің тілдік қалауы туралы
объективті статистикалық мәліметтерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына
түсуге үміткерлердің кешенді тестілеуінің нәтижелерінен, сондай-ақ орта мектеп түлектеріне
арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерінен табуға болады. Алайда, мемлекеттегі нақты
тілдік жағдайды анықтау үшін бұл деректер жеткіліксіз. Осыған байланысты оқыту тілін таңдау
және студенттердің тілдік талғамдарын анықтау туралы мәліметтерді зерттеу және талдаудың
ғылыми-практикалық маңызы зор, бұл қазақстандық студенттердің арасындағы нақты тілдік
жағдаятты түсінуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері білім берудегі жастардың тілдік қалауы
туралы ақпарат береді, осылайша қазақстандық жастар арасындағы тілдердің қызметінің нақты
жағдайын көрсетеді, сол арқылы білім жүйесіндегі тілдік саясатты дұрыс бағыттауға септігін
тигізеді.