Үш тілде білім беру тұрғысынан тілді мәтін негізінде оқыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph20Аннотация
Мақалада жаңа талаптарға сәйкес білім беру ортасын құру, оның ішінде тілдерді
білу және алған білімді нақты жағдайда қолдана алатын біліктікке екпін қою қажет екендігі
маңызды деп көрсетілген. Сонымен қатар мәтінмен жұмыс істеу дағдылары іргелі және жан-
жақты деп анықталады, өйткені олар мектепте оқитын әр пән бойынша өзекті. Оқушылардың
коммуникативті дағдылары мен біліктерінің қалыптасу тиімділігі мәтіннің сабақта қандай
мақсатпен пайдалануымен байланысты болады. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз
мәтінмен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыруы керек. Бұл жұмысты өткізу барысында ағылшын,
қазақ, орыс тілдерінің оқулықтарындағы мәтін жаттығуларының маңызы зор.
Оның ішінде мәтінге дейін және мәтіннен кейін берілетін тапсырмалардың құрастырылуы
маңызды деп саналады. Олар оқушылардың мәтін ақпаратпен жүйелі және мақсатты бағытпен
жұмыс істеуі дағдысын дамытады. Үш тілдер бойынша жаңа оқулықтар негізінде мәтінмен жұмыс
істеу үшін қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдердің сипаттамасы беріледі. Жаңартылған
білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу нәтижелерін жетіл-
діру болып табылады. Осы бағытта мәтінмен жұмыс істеу оқушылардың коммуникативтік дағ-
дыларын дамытады, олардың ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық
белсенділігін арттырады, біліктілікке ұмтылуды қажет етеді, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды
жүзеге асырып, оң нәтиже береді.
Сонымен, оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған мәтін жаттығулар жүйесі
келешекте өз бетінше оқу үшін ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін меңгеру дағдыларымен
біліктерін ынталандыруын талап етуі керек. Ал бұл оқушы мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеуінің
маңызды бөлімі екені айтылған.