Шетел студенттеріне орыс және қазақ тілдерін оқыту үдерісіндегі мәдениетаралық коммуникацияның аспектісі ретіндегі оқылым
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph23Аннотация
Бұл мақалада қазақ және орыс тілдерін оқитын шетел студенттерінің мәдениет-
аралық құзыретін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Оқылым тек танымдық функцияны
ғана емес, сонымен қатар студенттердің мәдениаралық құзыретін, олардың жаңа тілдік ортада
коммуникациясын қалыптастыруға ықпал ететіндіктен, оқылымға үйрету бойынша әртүрлі
әдістемелік ұсыныстарға көп көңіл бөлінеді. Оқытушының қызметі тек оқу техникасына
ғана емес, сонымен қатар қызықты және танымдық ақпараты бар әдебиеттерді мұқият
іріктеуге бағытталуы тиіс. Мақалада ұсынылатын жұмыс түрлері қазақ және орыс тілдерін
меңгерушілердің белсенділігін арттыруға көп септігін тигізеді. Осы мақалада ұсынылған
жаттығулар жүйесі жазбаша қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді. Оқыту күрделі және
көп мақсатты үдеріс. Оқытушының қызметі оқу үдерісін барынша арттыруға бағытталуы
керек. Осы сәттерді ескеру оқытушыға аудиторияны сауатты ұйымдастыруға, жылдам,
балама жұмыс түрлерін түзетуге мүмкіндік береді, бұл студенттердің белсенділігін арттыру
болып табылады. Көптеген дидактикалық ұғымдардың негізіне айналған және білім берудің
барлық сатыларында ойдағыдай жүзеге асырылатын коммуникативтік принцип байланыс
пен лингвистика әдіснамасын күшейтіп, коммуникативтік үрдістің параметрлерін оқытуға қызығушылықты арттырады. Мақалада оқытудың әртүрлі сатыларына сәйкес келетін әртүрлі
әдістемелік ұсыныстар ұсынылған.