Оқулық білім берудегі негізгі құрал ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph24Аннотация
Мақалада заманауи цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің дамуына
байланысты білім беру мазмұнын қайта қарап, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге
қойылатын талаптарға сай әзірлену барысы айтылады. Автор қазіргі техника дамыған заманда
оқулық та қайта қаралып, жаңаша көзқарас, жаңаша сарынмен жазылуы керектігіне тоқталады.
Қазақ тілі оқулықтары мен оқу құралдарына шолу жасалады. Бүгінгі таңда оны әзірлеудегі
мәселелер, оқулықтың қызметі мен оған қойылатын талаптар талданады. Себебі қазіргі ақпарат
ағынында тіл үйренушінің өзіне қажетті білімді қалай игеріп жатқаны, оның нәтижесінің
қаншалықты маңызды екенімен бағаланады. Адамның білімі, әлеуметтік белсенділігі, кәсіби
қызметі – барлығы өзара байланысты қарастырылатын болашақтағы білім беру жүйесіндегі
мәселелер әрбір жеке тұлғаны тек академиялық жетістіктеріне қарап емес, басқа да қырлары
бойынша кешенді бағалауға мүмкіндік береді.
Ал осындай күрделі де қиын мәселе қазақ тілінің оқулығында қалай көрініс тауып жатыр,
сапасы көптің көңілінен шыға ма, жаңадан баспадан шығып жатқан кітаптар көпшілікке қолжетімді
ме деген мәселе туындайды. Оқулықтың мазмұны жалпыға қолжетімді ақпараттардың берілуі
мен ескірген