Заманауи классиканың ұлттық өзгешелiктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph30Аннотация
Мақалада А.В. Асламастың «Песни предков» поэмасы ХХ ғасыр чуваш мәдениетінің,
ән өнерінің жарқын мұрасы ретінде баяндалады. Поэма ХХ-ХХІ ғасырдың көрнекті өкілі, гобоист
А.С. Любимовқа арналып жазылған. А.С. Любимов – аталған поэманың алғашқы орындаушысы.
Бұл арнау музыкант аталмыш өнерпазға арналған басқа да туындыларды анықтауға және олардың
шығуына әсер еткен факторларды назарға алуға себеп болды. Айқын, әрі анықтаушы фактор
ретінде көпқырлы орындаушының жоғары мәртебесі, шеберлігін атауға болады. А.С. Любимов
– орындау шеберлігі көптеген (100-ден аса) баспа беттерін қамтитын үздік орындаушы, оркестр
және камералық құрамда өнер көрсеткен артист, белгілі солист-гобоист ғана емес, әлемге
танылған жүздеген шәкіртті оқытқан марқасқа педагог. Ұлттық калориттен хабар беретін
музыкалық (әсіресе ритмикалық және жоғары дыбысты) орындауы ерекше РФ Халық әртісі
(1993) А.С. Любимовтың 1976 жылы Чуваш АССР Халық әртісі атағын алуы да кездейсоқ емес.
Аталмыш өнер туындысы посткеңестік кеңістіктегі музыкалдық (орта және жоғары) білім беру
орындарының студенттері оқу міндетті шығармалардың қатарына кіреді. Зерттеу жұмысында
шығарманы орындау ерекшеліктері, басқа шығармалардан айырмашылығы толық сипатталып,
зерттеледі.