Мифтің ертегіге трансформациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph3
        231 215

Аннотация

Мәдениет пен ойлаудың бастауында мифология тұр. Фольклор, оның ішінде, ертегілер
мифологияның жалғасы. Мифтер фольклор жанрларының дамуына ғана емес, әдебиеттің
дамуына үлкен серпін берді. Фольклор мифтен шықса, ал фольклордан шыққан әдебиет кейіннен
әдебиет тарихында қайта мифтерге жүгінген. Ертегілердің ішінде мифке ең жақыны – жануарлар
туралы және қиял-ғажайып ертегілер. Жануарлар – мифтің ең ежелгі және негізгі кейіпкерлері.
Мифтің басқа фольклор жанрларына, әсіресе, ертегілерге ауысуы ұзаққа созылған үдеріс болды.
Мифтердің фольклорға айналуы барысында ертегілер мен мифтердің бір-біріне сіңісуі жүзеге асады. Қиял-ғажайып ертегілер немесе жануарлар туралы ертегілердің қайсысын алсақ та, тікелей
мифтен пайда болған, сол секілді мифтер мен ертегілердің сіңісуі ортақ сарындардың негізінде
жүзеге асқан. Мифтердің ертегілерге, соның ішінде, басқа да фольклорлық жанрларға айналуы
кезінде, мифтер өз қызметтерін жоғалта отырып, көркем-эстетикалық мәтіндерге айналады. Бір
ғана мифтік бейнені баяндау кезінде аңыз бен ертегі бір-бірінен осы қырынан ерекшеленеді.
Егер мифтік мәтіндегі сурет нақты адам ретінде қабылданса, ертегідегі сол бейне шынайы емес
бейне ретінде қабылданады.

Жүктелулер

Как цитировать

., А. Я. (2020). Мифтің ертегіге трансформациясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 19–24. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph3

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение