Эпикалардың тұтастануы («Едігe» эпосынан жасалған)

Авторлар

  • Shehriyar (Guliyeva) G.F. . Азербайджанская Национальная Академия наук, Институт фольклора, Азербайджан, Г. Баку http://orcid.org/0000-0001-6130-7063

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph7
        52 65

Аннотация

Орыстардың «эпостардың тұтастануы» дегенін түріктер «дастандар айналымы» деп атайды.
«Қырық батыр» дастандарының эпикалық тұтастануы Еділ бойында, Сібірде, Қазақстанда,
Өзбекстанда, Солтүстік Кавказда тұратын түркі халықтары арасында кең таралған және
«Ноғайдың қырық батыры», «Қырымның қырық батыры» немесе «Ноғайлы жыры» деп аталады.
«Ноғайдың қырық батыры» дастаны үш бөлімге бөлінеді: «Аңшыбай батыр және оның
ұрпақтары», «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» және «Әр түрлі батырларға байланысты
жекелеген жырлар». Бұл мақалада осы кезеңге енгізілген дастандар туралы айтылады.
Эпостардың кезеңдері қазақ тіліндегі нұсқасы бойынша құрылған. Бірінші кезең – «Аңшыбай
батыр», екінші – «Парпария», үшінші «Құттықия» эпосының тұтастануы. «Едіге» эпосы – төртінші
тұтастануы, бесінші – «Нұрадин» эпосы, алтыншы – «Мұсахан», жетінші «Орақ пен Мамай» эпосы.
Сегізінші тұтастануға «Исмайл» эпосы жатады. Бұл ұлы өзінің ұрпағына қатыгездікпен және
аяусыздықпен қарайтын тұтастанудағы жалғыз эпос. Тоғызыншы тұтастануды «Қарасай мен
Қазы» эпосы, ал оныншыны «Телағыс» эпосы алады.
Біз қарастыратын ақпарат көздері мен нұсқалары әртүрлі болғанымен, біз Мұрын
Сеңгірбекұлының нұсқасын тұтастанудың негізгі тізбегі ретінде қарастырамыз. Біз айтқан
эпикалық тұтастанудың барлық нұсқалары Мұрын Сеңгірбекұлындағыдай тұтастанбаған.

Жүктелулер

Как цитировать

., S. (Guliyeva) G. (2020). Эпикалардың тұтастануы («Едігe» эпосынан жасалған). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 50–57. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph7

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение