Әзірбайжан әдеби-этнография ареалындағы зороастризм рөлі (Александр Ходзько (Чодзко) зерттеуі бойынша)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph10
        33 51

Аннотация

Мақалада Александр Ходзько (Чодзко) зерттеуі негізіндегі материал бойынша Әзірбайжан
әдеби-этнография ареалындағы зороастризм рөлі қарастырылады.
Ежелгі әлем пайғамбарының бірі Зороастр және оның өмірі мен қызметі қазіргі уақытқа
дейін ғылымда қызығушылық танытып отыр. Көптеген батыс еуропа шығыстанушылары,
солардың ішінде ғалым әрі аудармашы поляк Александр Ходзъко өз зерттеулерінде Зороастр
тұлғасының аспектісін жан-жақты ашады. Сонымен қатар әзірбайжан аймағымен байланысты
әдеби-этнографиялық фактілері мен материалдарын айқындайды.
«Авестамен» алғаш таныстырған және зерттеуге жол ашқан ежелгі философ Платон есімімен
байланысты. Алайда еуропалықтар Зороастрдың «Авестасын» ағылшын діндары Генри Лорд пен
француз саяхатшысы Жан Шарден мен Габриель Луи Симонның арқасында таныған.
Әзірбайжан әдеби-этнография ареалындағы зороастризмнің рөлі қасиетті «Авеста»
кітабымен байланысты өзекті сұрақтарды зерттеуде маңызы зор. Ол кітап ұзақ жылдар бойы
әлем ғалымдарының айрықша назарына ие. Мақалада «Авеста» кітабымен байланысты түрлі фактілер мен дәлелдер ғана емес жан-
жақты қызығушылық тудыратын ақпараттар да айтылады. Аталған зерттеуде қасиетті кітапты
насихаттау сұрақтарына да көңіл бөлінген.
Әзірбайжантанудың қазіргі жаңа кезеңінде «Авестаның» әзірбайжан тарихы, аумағы,
дәстүрімен байланыстыра зерттеу өскелең ұрпақтың қызығушылығын тудырып отыр және де
аса маңызды.
Ирандағы әлеуметтік-саяси жағдайлар мен ғылыми фактілер мен болжамдар «Авестаға»
қатысты мәселелерді әрқашан шектеп отырды.
«Авеста» негізінде көптеген зерттеуші-әдебиеттанушылар тарихта үлкен үлестерін қосты.
Мақалада басқа да шарттар негізінде жүргізілген зерттеулер әзірбайжан әдеби-
этнографиялық элементтерімен байланысты және оларға анализ жасалады.
Мақала негізінен Александр Ходзъко жасаған зерттеулерге талдау жасауға бағытталады,
қазіргі жаңа зерттеулерге өзіндік үлесі тиеді деген ой айтылады.

Жүктелулер

Как цитировать

., S. L. (2020). Әзірбайжан әдеби-этнография ареалындағы зороастризм рөлі (Александр Ходзько (Чодзко) зерттеуі бойынша). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 70–75. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph10

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение