Фразология – гендерлік стереотиптердің қайнар көзі (ағылшын тіліндегі материалдардың негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph14
        68 98

Аннотация

Мақала гендерлік стереотиптердің негізгі көзі ретінде фразеология құбылысын зерттеуге
арналған. Автор фразеологиялық қорды индивидтің әлем суретін қалыптастыру тұрғысынан
талдайды, ол өзін тіл арқылы анықтайды. Фразеология адамның дүниетанымдық, мінез-
құлықтық және жалпы мәдени ұстанымдарын қалыптастыру үшін негіз ретінде, сондай-ақ осы
қағидаларды (атап айтқанда, жыныс аралық қатынастарға қатысты) стереотиптеу құралы ретінде
бекітіледі. Мақалада халық мәдениетін құрайтын маңызды компонеттердің бірі – тұрақты
тіркестерде көрсетілген кейбір гендерлік стереотиптерді қалыптастыруға арналған зерттеу
ұсынылған. Фразеологизмдер сыртқы бейне, мәртебе, интеллект деңгейі, жас, қоғамдағы рөл
және т.б. ұғымдар туралы бастапқы түсінік береді. Осы ұғымдардың негізінде қоғамның «әйел»
және «ер» гендерлік тұжырымдамасына қалай қарайтындығы құрылады. Автор өзінің гендерлік
стереотиптің анықтамасы, оның негізгі сипаттамалары және осының негізінде ағылшын
тіліндегі фразеология материалында еркек – әйел қатынастарының шаблондарын зерттейді.
Автор ағылшын фразеологизмдеріндегі әйел және еркек бейнесіне талдау жасайды. Автор
фразеологиялық қор тіл арқылы ашылатын жеке көзқарасты қалыптастырудың негізгі көзі
ретінде талдайды. Лингвистикалық құзыреттілік, шектеулі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдермен
танысуды, сондай-ақ метафорикалық интерпретацияларды жасау немесе түсіну қабілетін
қамтиды. Фразеологизмдер өмір сүретін дәуірлердің мағынасын өзіне сіңіреді. Фразеологиялық
бірліктің мәнін түсіну мәселесі біздің әлем туралы білімдерімізді диахрониялық кеңейту
мүмкіндігімен байланысты.

Жүктелулер

Как цитировать

., A. G., & ., E. K. (2020). Фразология – гендерлік стереотиптердің қайнар көзі (ағылшын тіліндегі материалдардың негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 100–106. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph14