Тілдік, тарихи сабақтастық: онимдердің қазіргі тілдегі көрінісі (орта ғасыр ескерткіштері мен қазіргі тілдік материал негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph20Аннотация
Мақалада орта ғасыр ескерткіштерінің көптеген кешенді зерттеу нысанына айналғаны
еңбектерге шолу негізінде айқындалған. Ғалымдардың ескерткіштерді морфология, мәтін,
функционалды-стильдік, кейіпкер образы т.б. тұрғысынан жан-жақты зерттегені жайлы сөз
болған. Сонымен бірге ескерткіштер мен қазіргі қазақ тілінде кездесетін онимдердің, соның
ішінде прецедентті есімдердің қолданыс ерекшелігі анықталады. Сауалнама негізінде алынған
нәтижеге талдау жасалған. Онимдердің барлық разрядтары анықталып, қазіргі тілдегі мақал-
мәтел, фразеологизмдерде, сонымен бірге ақын-жазушылар шығармаларындағы басты қызметі
айқындалған. Қазіргі ақын шығармаларында онимдер мәтінде мәтін түзушілік қызметінен басқа
көркемдік, сөз синергетикасы, сөз ойнатуды жақсы қолдана білген. Мақалада прецедентті
есімдер жан-жақты зерттеліп мағыналық тұрғыдан таптастырылған. Прецедентті есімдердің
мәтін ішінде қазақы әлеуметте аялық біліміне қарай әртүрлі ассоциация тудыратыны
айқындалып, мысалдар негізінде дәйектелген. Осының негізінде сонау орта ғасыр мен қазіргі
қазақы әлеуметте аталған онимдерді қабылдауда айтарлықтай өзгеріс анықталмаған. Мақалада
өмірдің әр қыры, яғни әлеумет тұрғысынан әртүрлі экстралингвистикалық факторлардың әсері
осы нәтижеге алып келгені дәлелденді. Дегенмен де уақыт өте келе адамзат өмірінде символ да,
идеология да өзгеруінің салдары прецедентті есімдер қатарының жаңа есімдерге толыға түскенін
байқатады. Белгілі бір прецедентті есімнің санаға әсер ету күшін еселеу мақсатында ақын-
жазушылар антитезаны қолданғаны анықталды. Дегенмен идеологиялық өзгерістер негізінде
кеңес өкіметі кезінде кейбір діни прецедентті есімдер өзектілігін жоғалтқанымен қазіргі кезде
қайта жандануда.