Қазіргі тіл біліміндегі эллипсис және оның тілдік құралдарды үнемдеудегі ерекшелігі мен олардың арақатынасы

Авторлар

  • Gurbanzada Fatma Nazim Департамент регистрации студентов и оценки знаний, Азербайджан, г.Баку http://orcid.org/0000-0003-2260-2291

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph21
        65 85

Аннотация

Мақала салыстыруға келетін тілдерде жазылған мәтіндердегі эллипсистік айтылымдарға
арналады. Таңдалған тақырыптың мақсаты эллипсистік сөйлемдердің ерекшелігі мен объективті
шындығын айқындауда дәстүрлі тіл білімінің құрылымдары қажетті ақпараттарды дәл бере
алмайтындығымен түсіндіріледі. Бұл бірінші жағынан қарым-қатынас барысында эллипсисті жиі
пайдалатындығымызды аңғартады. Сонымен қатар эллипсис мәтіндегі диалогтың жалғасуына
негіз болатын диалектикалық компонент.
Эллипсистік айтылымдардағы ақпараттарды интерпретациялау стратегиясын анықтауда
әлемді танудың тілдік және концептуалды көзқарасын қалыптастырушы тіл білімінің танымдық
механизмдерінің анықтамасы толық ашылмаған.
Мақала авторы эллипсисті тілдік феномен ретінде тіл білімінің зерттеу нысаны және сан рет
талқыға түскендігін айтып өтеді. Мысалы, эллипсис – риторика немесе грамматикада байқалады,
әсіресе толық емес және эллиптикалық сөйлемдерді анықтау мәселесі және де негізгі мүшелері
бар, бірақ қосалқы эллиптикалық сөйлем бөлшектері түсіп қалған сөйлемдерді сөйлем деп
табуға бола ма деген сұрақтар әрқашан талқы нысанына айналып отырады. Дегенмен тілшілер
арасында осы мәселелер айналасында бір ізділік болмағандықтан мақаланың өзектілігі өздігінен
айқындалып отыр.
Мақаланың мақсаты мәтін мен дискурстардағы эллипсистің функционалды-танымдық
ерекшелігін ағылшын, әзірбайжан, испан тілдері үлгілері негізінде зерттеу және де қосымша тіл
білімінің факторларын анықтау, қорытынды жасау.

Жүктелулер

Как цитировать

Nazim, G. F. (2020). Қазіргі тіл біліміндегі эллипсис және оның тілдік құралдарды үнемдеудегі ерекшелігі мен олардың арақатынасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 153–158. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph21