Қазақ тілінің лайықты мәртебесі және оның іс жүзіндегі қолданысы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph25Аннотация
Бұл мақалада сан ғасырлық тарихы бар ежелгі заманнан бері келе жатқан қазақ халқының
бүгінгі таңда өз шешімін табуға тиісті өзекті мәселелерінің бірі болып отырған тіл мәселесі
талқыланады. Қай жерде болмасын ұлт атауы мен тіл атауы сәйкес келетіндігі бізге мәлім
жағдай. Ал, елдің Қазақстан деп аталу себебі бұл мемлекеттің негізін қалаушы әрі иесі қазақ
ұлты болып табылатындығы. Ең ірі құрлықтың Азия бөлігінің жүрек тұсынан ойып тұрып орын
алған егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ
тілінің заң жүзіндегі және іс жүзіндегі мәртебесі жайлы сөз қозғалады. Берілген ақпарат
дәйекті мысалдар арқылы нақтыланып, оқырман қауымға қазақ тілінің өзіне лайықты мәртебесі
көрсетіледі. Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына жиырма сегіз жыл
болды. Осынша уақыт бойы егеменді Қазақ елі орыс тілін ресми тіл ретінде қабылдап келеді.
Бұл мақалада орыс тілінің не себепті ресми тіл ретінде қолданылып жүргендігі айтылып, оның
қаншалықты дұрыс екендігі талқыланады. Ата Заңымыз бен Тіл туралы Заңға сәйкес орыс тілінің
қандай мекемелерде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылатындығы жайлы сөз қозғалып, ол
орындар тізімі нақты көрсетіледі.