Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph4
        55 513

Аннотация

Мақалада бізге жеткен фольклордың – жанр жағынан бай, көркемдігі жағынан кемелденген,
әр алуан қызмет атқаратын рухани мұрамыз және күнделікті тіршілігімізге қолданыста болып,
мәдени қажеттігімізді атқарып жүрген ұлттық өнеріміз. Бүгінгі заманға ол көптүрлі, көпсатылы
руханият ретінде жетіп отыр. Оның біраз түрі есте жоқ ескі заманда туса, енді бір тобы кейінгі
дәуірлерде пайда болған. Олар ұзақ тарихи даму жолында бір-бірімен араласып, тоғысып,
бірі-біріне сіңісіп кеткен, сондықтан олардың әрқайсысын жеке бөліп алып, тек соған ғана тән
белгілерді анықтау оңай емес. Сол себепті ғылымда фольклордың тарихы, оның жанрлық құрамы
дегенде басты критерий етіп фольклорлық шығармада белгілі бір дәуірдің шындығымен қатар
санасы, ұғым-түсінігі, наным-сенімі қандай дәрежеде көрсетілетінін, қаншалықты сақталғанын,
шығарманың көркемдігі қай дәрежеде екендігін және оның қандай мақсатпен орындалатынын
алады. Міне, осы тұрғыдан келгенде бізге жеткен фольклордың жанрларын ежелгі, көне және
жаңа (ғұрыптық, көркем және бейкөркем) деп шартты түрде бөлуге болады. Фольклорлық
мәтіннің лексика-семантикалық және стилистикалық жүйесіндегі қолданысын сараптай отырып,
фольклорлық есімдер мен олардың коннотацияларының лингвопоэтикалық қызметін анықтау
қажеттігі тұр.

Жүктелулер

Как цитировать

., A. A. , & ., G. A. (2020). Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 29–35. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph4

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение