А. Байтұрсынов публицистикана тән аргументтеу әдістері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph6Аннотация
А. Байтұрсынов публицистикалық шығармалары қазақ халқының танымын өзгертуде,
қоғамдық сергектікті оятуда, ұлттық көзқарасты қалыптастыруда үлкен қызмет атқарды.
Публицист қоғамдық дамудың жаңа бағдарын анықтауға, түсіндіруге тырысты. Қоғамдық сананы
өзгерту үшін оқырманның көзқарасына ықпал ететін, белсенділігін оятатын сөздерді дәл табу,
айту керек болады. А. Байтұрсынов публицистикалық шығармаларының басты ерекшелігі оның
аргументтерге құрылып, автордың өз ойын, пікірін оқырмандарға сенімді дәлелдей білуінен
көрінеді. Бұл оның аргументтеу тәсілдерін жетік білуінің, орынды қолдануының арқасында ғана
мүмкін болды. Аргументацияны берудің екі тәсілін – логикалық пайымдауға негізделген дәлелдер
құру мен сезімге әсер ету арқылы көзқарасын өзгерту – А. Байтұрсынов шығармаларында
аралас қолданылады. Логикалық дәлелдер таза логика заңдарына неізделеді. Мақалада А.
Байтұрсынов публицистикалық шығармаларына тән аргументтеу әдістеріне талдау жасалды.
Талдау қорытындысы А. Байтұрсыновтың логиканың дедукция және индукция әдістерін, өз
ойын аргументтеуде логиканың ұқсату, негіздеу, жеткіліктілік сияқты логика заңдарын терең
меңгергенін көрсетті. Сонымен қатар А. Байтұрсынов ұлттық шешендік сөз өнерінің сөз саптау
мәнерін, әлемге философиялық көзқараспен қарауды, ойды аллегория түрінде жеткізуді шебер
қолдана білген. Мақалада бірінші рет А. Байтұрсыновтың публицистикалық шығармаларындағы
аргументтеу әдістері талданып, авторлық стильдің моделі анықталды.