Шет тілінің антропонимдері: ерекшеліктері және тілдік қор ретінде қолданылуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph1
        150 161

Аннотация

Мақалада жалпы білім беретін оқу орындарында шет тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – коммуникативтік бағыт. “Шет тілінің антропонимдері” сынды аз зерттелген тақырыппен танысу кезінде алынған білім ағылшын тілін үйрену процесіне саналы көзқарас қалыптастырады және өз кезегінде білім алушыға оқу процесіне айтарлықтай қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта антропонимика пәнаралық сипатта болады деп тұжырымдауға болады, себебі ол тек лингвистикалық парадигмаларды ғана емес, сонымен қатар ғылымның бірқатар басқа салаларын да қамтиды: мәдениеттану, тарих, этнография, әлеуметтану, психология және тағы да басқалары. Сонымен қатар, антропонимдер кез келген мәдениетте, соның ішінде ағылшын тілін меңгеру барысында маңызды рөл атқарады, сондықтан олардың сөйлеу кезінде қолданылуын білу маңызды. Бұл фактор осы лингвистикалық тұжырымдаманың грамматикалық, семантикалық, тарихи, мәдени және психологиялық тұрғыдан ерекшелігімен байланысты. Мақалада антропоним ұғымы және оның негізгі сипаттамалары қарастырылады. Жалқы есімдерсіз өмірді елестету мүмкін емес. Себебі олар маңызды ақпарат көзі болып табылады, оның шебер қолданылуы зерттеліп отырған тілдің қазынасына терең енуіне септігін тигізеді. Демек, антропонимдер – ағылшын тілін меңгерудің түрлі лингвистикалық тақырыптары бойынша тапсырмаларын, ғылыми жобаларды жасау үшін ең маңызды лингвистикалық ресурстардың бірі. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – оның нәтижелері ағылшын антропонимдік сөздіктерін қолдану тәжірибесінде де, оларды құрастыруда да пайдалы болу мүмкіндігінде

Жүктелулер

Как цитировать

, M. G. ., & , K. A. . (2021). Шет тілінің антропонимдері: ерекшеліктері және тілдік қор ретінде қолданылуы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 4–9. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph1

Шығарылым

Бөлім

Языкознание