Дипломатия саласындағы халықаралық терминдер

Авторлар

  • Ashinova K.A . , Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0001-6938-2092

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph2
        267 84

Аннотация

Бұл мақалада дипломатия саласындағы терминологияның негізгі көздері қарастырылады. Дипломатияның тарихи дамуының тілдің дамуына өзіндік үлесі бар. Қазақ тіліндегі күрделi кiрме халықаралық дипломатиялық терминдер құрылымына қарай екi топқа жiктеп қарастырылды. Олар екi компонентi де өзге тiлден енген және бiр компонентi кiрме сөзден, екiншiсi төл сөзден тұратын терминдер. Халықаралық терминдер ағылшын тілінде терминдік мағыналарының сәйкес келуі немесе келмеуіне қарай топтарға бөлінді. Ғылым саласы ретінде дипломатиялық терминология жалпы терминологиялық лексиканың үш тобынан тұрады: дипломатиялық терминология, халықаралық құқық терминологиясы және әлеуметтік-экономикалық терминология. Кірме терминге қазақша балама беруде көбінесе жеке сөз емес, сөз тіркестері алынады. Бұл сөз тіркестері сол күйінде алына салмайды, олар терминге қойылатын талаптарды сақтай отырып біріктіріледі. Сөз тіркесінен термин қалыптастыруда олардың мағыналық ерекшеліктеріне де, құрылымдық ерекшеліктеріне де бірдей назар аударылады. Мақалада қазіргі қазақ тілінің ұлттық лексикасындағы дипломатиялық терминдердің орны және халықаралық терминдерді ұлттық тілде қабылдау тәртібі қарастырылған, бұл процесс әлі жалғасуда. Бұл мақала тақырып бойынша қол жетімді әдебиеттер негізінде дайындалған.

Жүктелулер

Как цитировать

, A. K. . (2021). Дипломатия саласындағы халықаралық терминдер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 10–16. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph2

Шығарылым

Бөлім

Языкознание