Жарнама мәтіндеріне лексико-семантикалық және функционалдық талдау

Авторлар

  • G.K. Bekkozhanova . , Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-6532-7405
  • G. Ospanova . , Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-1989-6754
  • А.N. Saduakhas . , Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-7188-7716

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph3
        137 245

Аннотация

Мақалада қазіргі таңдағы жарнама мәтіндерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу мәселесі қарастырылды. Жарнама саласының қоғамда алатын орны ерекше екені түсіндірілді. Осы салаға өз үлесін қосып кеткен бірнеше зерттеушілердің жарнамаға, мәтінге және жарнама мәтініне берген анықтамалары талданды. Жарнама мәтініне анықтама берілмей тұрып, жалпы мәтінге бірнеше зерттеушілердің анықтамалары беріліп, оның ерекшеліктері айтылды. Жарнама мәтінінің ерекшеліктері мәтіннің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Жарнамамен көптеген ғылым салалары айналысады. Соның ішінде лингвистика ғылымымен тығыз байланыста. Өйткені жарнаманың мәтіні арқылы қазіргі заманғы тілдің өмір сүру формасы анықталады. Осы мақсатта қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жарнама мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасалды және олардың тілдік ерекшеліктері көрсетілді. Талдау үшін ауызша және жазбаша түрдегі теледидар мен ғаламтордағы роликтар, журналдардағы және көшедегі жарнама мәтіндері алынды. Жарнама мәтіндерінің тілдік ерекшеліктерін рифм, гипербола, эпитет, метафора деп аталатын функциялармен көрсетіліп, толығырақ көрсету үшін мысалдар қарастырылды. Сонымен қатар лексика, морфология және синтаксистегі мәтін ережелеріне сүйене отырып жарнама мәтіндері талқыланды. Лингвистикалық тұрғыдан зерттеу барысында, жарнама мәтіндерінің тілдік ерекшеліктері бойынша тіл мамандары және техникалық мамандар арасында сауалнама жүргізілді. Мақала соңында авторлардың өзіндік қорытындысы жасалды

Жүктелулер

Как цитировать

, G. B. ., , G. O. ., & , А. S. . (2021). Жарнама мәтіндеріне лексико-семантикалық және функционалдық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 17–24. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph3

Шығарылым

Бөлім

Языкознание