География саласындағы қазақ тілінің баламасыз терминдері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph5
        65 73

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі баламасыз лексикалық бірліктер жайы қарастырылады. «Баламасыз лексика деп нені түсінеміз?» деген сұраққа жауап ізделінеді. Баламасыз терминдердің ғылыми анықтамасы төңірегінде шолу жасалып, реалий терминдер туралы сөз болады. Осыған дейін зерттеу жүргізілген ғылыми еңбектерге талдау жасалып, реалий терминдердің пайда болу жолы, олардың түрлері, тілде игерілу тәсілдері, терминологиялық қорда алатын орны нақты сілтемелер мен мысалдар арқылы сипатталады. Реалий терминдерді қабылдаушы тілге енгізудің негізгі жолы транскрипция мен транслитерация тәсілдері турасында айтылып, бірақ қазақ тілінде терминдерді игерудің аталмыш механизмі жұмыс істемей келе жатқандығын, бүгіндері қазақ терминқорындағы терминдер орыс тілінің заңдылығына сәйкес өзгеріссіз алынып отыруының кемшін тұсына баса назар аударылады. Авторлар мақаласын «баламасыз терминдер тобына жататын реалий терминдер география терминқорына қосылған үлес болып саналады. Бұл терминдер қазақ халқының өміру сүру салтының, тұрмыс қажеттілігінің нәтижесінде пайда болған халықтық терминдер. Жер жағдайын атайтын бірліктер қазақ халқының география ғылымындағы білімділігінің, өзіндік танымының дәлелі. Қазақ тілі география терминдерімен қатар, малшаруашылығы, тағам өнеркәсібіндегі реалий терминдерге бай. Өзге елдер осы сипаттағы реалий терминдерді транслитерация және транскрипция тәсілдерімен игерген» деп қорытындылайды.

Жүктелулер

Как цитировать

, B. Z. ., & , A. U. . (2021). География саласындағы қазақ тілінің баламасыз терминдері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 30–36. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph5

Шығарылым

Бөлім

Языкознание