Ағылшын тілінің америкалық және британиялық варианттарын салыстырмалы талдау: морфологиялық деңгей

Авторлар

  • Nargiz Jafar kizi Gezalova Азербайджанский государственный университет языков, Азербайджан, г. Баку http://orcid.org/0000-0001-5881-9957

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph8
        96 87

Аннотация

Нақты әлемде 300 миллионнан астам адам ағылшын тілінде сөйлейді. Бірақ олардың ана тілі мен ағылшын тілінің әртүрлілігі арасында көптеген айырмашылықтар бар. Алайда олардың акцентімен салыстырғанда сөздік және грамматикалық айырмашылықтар өте аз. Акцент – филологтармен қолданатын белгілі бір географиялық аймаққа жататын адамдардың айтылымын білдіретін термин. Нақты қандай акцентпен сөйлесу керектігі туралы жазу өте қиын. Біріккен Корольдікте ғана ағылшын тілінің әр түрлі акцентімен сөйлейтін халықтар бар, олар ағылшын тілінің валлий диалектісімен сөйлейтін халықтар, кокни, жаңадан пайда болған эстуарий және джорджи. Алайда ағылшын тілінің фонетикасын оқытуда 2 «стандартты» акцент қолданылады – (британдық және американдық). Америка Құрама Штаттарында қолданылатын акцент «General American» GA деп аталады, яғни жалпы америкалық екпін. «General American» дыбысталуын АҚШ-та көптеген адамдар, сондай-ақ америкалық радио мен теледидар жүргізушілері қолданады. Британияда адамдар қолданатын сөйлеудің әдеттегі деңгейі Received Pronunciation немесе RP деп аталады («Received» сөзі «жалпы» деп аударылады). Ол ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытқанда, айтылым үлгісі ретінде оқытылады. Америкалық және британдық нұсқалары арасында бірнеше морфологиялық айырмашылықтар бар. Мақалада қазіргі ағылшын тілінің өзекті мәселелері қарастырылған. Автор негізінен америкалық және британдық ағылшындардың айырмашылықтарын талдауға тоқталған. Бұл айырмашылықтар морфологиялық деңгейде зерттеледі. Бұған зат есімдер, сын есімдер, есімдіктер, етістіктер, артикльдер және т.б. зерттеуге қатысады.

Жүктелулер

Как цитировать

Gezalova, N. J. kizi. (2021). Ағылшын тілінің америкалық және британиялық варианттарын салыстырмалы талдау: морфологиялық деңгей. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 53–50. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph8

Шығарылым

Бөлім

Языкознание