Диуани Хикметтің Көкшетау нұсқасы және тілдік ерекшеліктері

Авторлар

  • S . Utebekov Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави, Казахстан, г. Туркестан

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph10
        83 106

Аннотация

Мақалада сақталған жеріне орай Диуани хикметтің Көкшетау нұсқасы деп аталатын орта ғасырда жазылған қолжазба қарастыралады. Алдымен қолжазбаның физикалық жағдайы, көлемі, бетінің саны таныстырылады. Одан соң хикметтерінің саны, жазу емлесіне байланысты, сонымен қоса әдеби және тілдік көркемдігіне, хикметтерде қолданылған өлең өлшемдеріне, ұйқас түрлеріне қатысты аздаған мәлімет беріледі. Шамамен XVII-ХХ ғасыр аралығында түркі тілінде жазылған ескерткіштердің тілдік көрсеткіштерін көрсететін қолжазбаның дыбыс жүйесі сараланып, ең басты деген дыбыс құбылыстарына және дыбыс алмасуларына қатысты кейбір ерекшеліктер сөз болады. Дыбыс жүйесіне талдау жасау барысында көнеден бергі түркі ескерткіштерімен және де кей тұста қазіргі түркі тілдерімен салыстырылу мақсат етіледі. Морфологиялық көрсеткіштері жайлы сөз ету барысында да қолжазбаға тән ең басты (яғни дәл сол кезеңде жазылған еңбектерде кездесе бермейтін немесе сирек кездесетін) тұлғалар әртүрлі дәуірде жазылған еңбектердің тілімен салыстырылады. Сонымен бірге сөздік қорына және сөздік қабатына назар аударылып, қолжазбада кездесетін түркизмдермен қоса араб және парсы тілдерінен алынған сөздердің санына салыстырмалы түрдегі статистика жасалып, сөздердің қолданылу жиілігіне байланысты мәлімет беріледі.

Жүктелулер

Как цитировать

Utebekov, S. . (2021). Диуани Хикметтің Көкшетау нұсқасы және тілдік ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph10

Шығарылым

Бөлім

Языкознание