«Концепт» және «әлем» ұғымдарының қатынасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph13Аннотация
Мақалада тұлға болмысы әлпетінің өзіндік қалыптасу мәселесі қарастырылады және «концепт» пен «әлем» ұғымдары «әлем көрнісі» тіркесі негізінде қомақты түрде анықталады. Ертеректен таныс терминдерді қарастыру қажеттілігі оларды лингвистика ілімдерінің біршама аспектілерін жаңаша баяндау себебімен байланысты. Қазіргі таңда көптеген концептілердің ғылыми қайта зерттелуі тіл қатысылымының жаңа деңгейге ие болуынан туындап тұр. Бұл, бір жағынан, бұқаралық ақпарат құралдарының кез келген ғылым салаларында орын табуымен және көптеген концептілердің мағыналық тұрғыдан үздіксіз даму себебімен, ал екінші жағынан, шетел әдебиетінің қандай да бір отандық ғылым саласы мазмұнына енуімен түсіндіріледі. Сондықтан берілген еңбекте шетелдік әріптестердің, соның ішінде неміс тіл білімі мамандарының тәжірибелері мейлінше пайдаланылады, зерттеудің танымдық жағын тереңдету және өзектендіру мақсатында олардың көзқарастары мазмұндалады. Тілдік шындықты бейнелеу, таным үрдісі, адам ойының бейнесі «концепт» және «әлем» концептілері лексикалық материалдар және семантикалық өріс негізінде талқыланады. Когнитивтік лингвистиканың және онымен туыс пәндердің ары қарай жетілдірілуімен олардың парадигмаларында да өзгерістер орын алады, сол себепті оларды нақтылау үшін біз беделді сөздіктердің, лексикондардың және басқа да дереккөздердің ақпараттарына жүгінеміз. Мақалаға енген әрбір тілдік бірліктің біз талқылап отырған мәселеге тікелей қатысы бар және кез келген зерттеуші немесе филология саласының осы бөліміне қызығушылық танытқан ғалым қайта тексере алады. Сонымен қатар концептуализация, категоризация ұғымдарының арақатынасы мәселесі біздің болжамдауымызда және шетел ғалымдары түсінігінде өз көрінісін табады.