Ханымана Алибейли шығармашылығындағы әдеби және статистикалық ерекшеліктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph17Аннотация
Заманауи әзірбайжандық ақын әйел Ханымана Алибейли өзінің балаларға арналған шығармаларында поэтика мен шеберлікке ерекше назар аударған. Оның туындылары үнемі формалық біркелкілікпен және мазмұнымен, құрылымымен, ұйқасқа сай келетін дұрыс сөздермен ерекшеленіп, ұйқастың түрлерін мейілінше керегіне қарай қолданған. Ханымана Алибейли өзінің өлеңдерінде көп жағдайда көлем жағынан ұйымдастырудың бірқатар түрлерін – өлең құраудың силлабологиялық жүйесін және шамалы еркін өлең жүйесін (верлибр) қолданған. Силлабологиялық жүйеге сай жазылған поэтессаның туындылары көбінесе аз буынды, жеті, кей жағдайда сегіз және бес-алты буындық поэтикалық формаға ие. Ханымана Алибейли поэзиясының есте қалатын тұсы ұйқас таңдау үрдісі. Ұйқас оның туындыларына ерекше әдемілік пен үйлесімділік сыйлайды. Сондай-ақ ырғақ пен үйлесімділікті құру үшін Ханымана Алибейли әртүрлі тәсілдерді қолданады. Оның шығармашылығында көп жағдайда монолог пен диалогтар, еліктеу мен үндеу сөздер, ономастикалық бірліктер кездеседі. Ханымана Алибейли шығармашылығындағы өлеңдер кейде автордың есімімен, кейде оның кіші кейіпкерлерінің тілі ретінде берілген. Ханымана Алибейли жүздеген өлеңнің авторы, балаларға арналған ондаған пьеса, отыздан астам кітаптың авторы. Оның шығармашылығы үнемі сын мен әдеби ортаның назарында болатын. Ақынның шығармалары балалар мен жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға, олардың қызығушылық аясын кеңейтуге, адамгершілік пен рухани құндылықты қалыптастыруда үлкен рөл ойнады, мінезді қалыптастыру мен әдеби талғамды ширатуға көп септігін тигізді. Мақалада автор шығармашылығының әдеби және стилистикалық ерекшеліктері зерттелген