Тілдік университет студенттерін газет материалдарын оқуға үйрету бойынша ұсыныстар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph25
        77 39

Аннотация

Интернет – ХХІ ғасырдағы ақпарат пен жаңалықтардың ең кең таралған көзі екені белгілі. Дегенмен, газет көптеген адамдар үшін жаңалықтар мен ақпараттардың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Тілдік университеттің студенттерін оқып жатқан шет тілінде газет оқуға үйрету керек. Тілдік педагогикалық университеттің студенттері газет-журналдарды оқу барысында материалды жеткілікті түрде қабылдау және түсіндіру қабілетін меңгеруі керек. Студенттер терминологияны, құрылымдары мен қоғамдық және саяси лексиканы қолдану дағдыларын меңгеруі керек. Тілдік университеттің түлектері жергілікті және әлемдік деңгейде болып жатқан жағдайлар туралы ақпаратқа ие болуы керек. Студенттер газет-журнал мәтінін егжей-тегжейлі талдау үшін әр түрлі құралдарды қолдана білуге үйрету қажет. Сондай-ақ олардың мәтіндерді талқылау қабілеттерін, ұсынылған мәтін негізінде дағдыларды қалыптастыруды, газет-журнал мәтіндерін адекватты қабылдау қабілетін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету қажет. Мұғалім студенттерді газет-журнал материалдарын оқып үйренуге, ағылшын тілінде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай жасай алады. Мұғалімнің басты міндеті – газет материалдарын зерттеу арқылы студенттерді ағылшын тілін белсенді меңгеруге ынталандыру. Бұл мақалада тілдік педагогикалық университетте оқудың барлық кезеңдерінде қоғамдық және саяси лексиканы оқытуға бейімделетін студенттердің газет материалдарымен жұмыс жасаудағы адекватты дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға арналған ұсыныстар мен тапсырмалар үлгілері келтірілген. Қоғамдық және саяси лексиканы оқытудың тиімділігі мен студенттердің газет-журнал мақалаларын оқу процесінде материалдарды адекватты қабылдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру алғышарттарының бірі – шынайы материалдарды пайдалану. Түпнұсқа материалдар тілдік педагогикалық университет студенттерінің әлеуметтік және саяси лексикасын оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылуы керек. Студенттерге ұсынылатын газет-журнал мақалаларының мәтіндері де, тапсырмалар мазмұны жағынан да, лингвистикалық безендірілуі жағынан да күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалануы керек.

Жүктелулер

Как цитировать

Ali, M. A. (2021). Тілдік университет студенттерін газет материалдарын оқуға үйрету бойынша ұсыныстар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 184–191. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph25

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы