Қазіргі қазақ поэзиясындағы когнитивтік ұғымдар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph18
        63 165

Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы когнитивтік ұғымдар ерекшеленіп, ақынның философиялық танымы мен психологиялық көңіл-күйі, эстетикалық ойы айқындалады. Поэзия астарындағы ұғымдар мәні ашылып, ақын санасында кодталған бейнелер кеңінен сараланады. Сол тұрғыда біз когнитивизм, когнитивті ұғымдар, поэзияда көрініс алатын когнитивті аспектілерді басшылыққа ала отырып, Е. Раушанов, М. Райымбекұлы, Ж. Елеусіз өлеңдеріне шолу жасаймыз. Қазіргі қазақ поэзиясындағы таным мәселесінде тілдік тұлғалар арқылы санада бейнеленетін көріністердің барлығы когнитивті ұғымдардың қатарын құрайды. Мән мен мағына жеке ажыратылатын концептілік ерекшеліктер, ақын санасында кодталатын ұғымдардың ерекшеліктері зерделенеді. Поэзиядағы постмодернизм белгілері қазіргі ақындар поэзиясында түрлі детальдар арқылы көрініс беріп, өлең құрылымы өз алдына өзгеріске ұшыраған. Поэзияның астарындағы ой мен автор жеткізгісі келген негізгі идея басқаша тәсілмен оқырманға жол тартады. Поэзиядағы тілдік бірліктердің формаға сай жасақталуы бүгінгі әдебиетке жаңалық әкелді. Когнитивті ұғымдардың кеңінен көрініс тауып, авторлардың ойды басқаша формада бере алуы бүгінгі әдебиетте жиі кездеседі. Әсіресе, қазіргі қазақ поэзиясының даму үдерісінде проза да, поэзия да жаңашыл ізденістерге толы. Мақала барысында қазіргі қазақ поэзиясындағы осы мәселелердің жай-күйі қарастырылып, қазіргі ақындардың шығармашылығы сараланады.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhutayeva А. К., & Yerzhanova, S. B. (2021). Қазіргі қазақ поэзиясындағы когнитивтік ұғымдар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 137–144. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph18