Мәтіннің дамуы: актуалды мүшелену және тақырыптық прогрессия

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph19
        55 67

Аннотация

Қазіргі тіл білімінде мәтін құрау мәселелеріне байланысты көзқарастар сан түрлі. Қазіргі уақытқа дейін мәтін когезиясы, риторикалық және құрылымдық мәтін құрау туралы сұрақтары белгілі бір мәтін құрау аспектілерін түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада мағынаның даму ерекшеліктері баяндалады және семантикалық бөліну мен бөлшектенуді көрсететін лингвистикалық, экстралингвистикалық факторларды айқындауға, шет тіліндегі көркем шығармалар негізінде ақпараттық блоктарды анықтауға негізделген. Кез келген сөйлем мәтіннің басы мен аяғындағы мәнмәтінмен байланысты. Мәтін құрылымы байланыстырушы элементтерді бір-бірімен байланыстыратын тема мен рема тізбегінен құралады. Тема ремалық прогрессия сөйлемдерді байланыстыра отырып үлкен бірліктерден бір бүтін мәтін құрайды. Сөйлемнің актуалды мүшеленуі тіл білімі бұрыннан назар аударып келе жатқан мәселесі. Ғылыми еңбектерде осы аталған мәселеге біршама тоқталып жатады, алайда ортақ терминологиялық анықтаманың жоқтығынан зерттеушілер «тема» және «рема» ұғымдарын әр түрлі анықтайды. Тема мен реманы зерттеу грамматика теорияларын меңгеру барысында маңызды болып табылады. Олар мәтінді бір тілден екінші тілге аударғанда және талдағанда аса маңызды рөл атқарады. Сол себепті сөйлемде тема мен реманы дұрыс анықтамаған жағдайда мәтін мағынасы бұзылады. Тема жаңа ақпараттарды ұсынуды назарға алып, қарым-қатынас жасау мақсаты болып табылмағандықтан, мәтін құрау техникасында сөйлеу актілері темадан ремаға қарай құрылып отырады. Сөйлем ядро болса, жаңа ақпарат коммуникативтік негізі болады. Теманың жаңа белгілерін ашатын тыңдаушыға жаңа ақпараттар беретін бөлігін рема деп атайды. Соған орай сөйлеуші белгілі бір ақпаратты ұсынып, коммуникативтік мақсатына жету үшін өз мақсаты мен міндетіне қарай, қызметіне сәйкес мәтін құрады.

Жүктелулер

Как цитировать

Isayeva, K. M. (2021). Мәтіннің дамуы: актуалды мүшелену және тақырыптық прогрессия. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 145–151. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph19