Қазақ тіліндегі табулардың тақырыптық-лингвистикалық парадигмасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph20
        86 63

Аннотация

Мақалада лексикология және этнолингвистика салаларының негізгі ұғымдарының бірі табу сөздердің тақырыптық-лингвистикалық парадигмасы туралы баяндалады. Табу – Полинезияның діни-ғұрыптық ұстанымдарынан алынған және қазіргі таңда этнография мен лингвистикада ерекше тыйым салу жүйесін белгілеу үшін қабылданған термин. Табу сөзі еуропа тілдеріне ең алғаш рет капитан Куктың әлемге жасаған үшінші саяхаты туралы жазбалары негізінде енген. Полинезия жерінде, нақтырақ айтқанда, Танго аралдарында 1771 жылы капитан Кук «табу» сөзінің белгілі бір тыйым салынған салт-дәстүрлерге байланысты қолданылатын ұғым екенін анықтаған. Мақалада табулар этнография және лингвистика тұрғысынан қарастырылады. Қазақ тіліндегі табудың семантикалық құрылымына назар аудара отырып тақырыптық ерекшеліктері анықталады. Соған сай лингвистикалық талдау негізінде табулардың әрі тақырыптық, әрі тілдік парадигмасы құрылды. Неміс психологы В. Вунд табу сөздерді адамзаттың ең ежелгі рухани кодексі деп есептейді. Ал А. Рэдклифф-Браун табуға бағытталған мінез-құлық қоғамды қолдау үшін маңызды ережелер мен құндылықтарды нығайтатын құрал екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ табу сөздер мәдениет тұрғысынан екіұшты болып келетін категорияларды нысанаға ала отырып, олардың арасындағы шекараны нақтылайды. Қазіргі уақытта табу қоғамда орын алатын және сол міндеттерді орындайтын әмбебап феномен ретінде қарастырылады. Парадигма – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған  теория; теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі. Табудың тақырыптық-лингвистикалық парадигмасы дегеніміз – аталған ұғымға қатысты деректер мен зерттеулерді, ғалымдардың пікірлерін саралау негізінде табуларды әр түрлі бағытта қарастыра отырып, мағыналық топтарға жіктеу және талдап, түсіндіру.

Жүктелулер

Как цитировать

Kulzhanova, B. R., & Imangazina, M. A. (2021). Қазақ тіліндегі табулардың тақырыптық-лингвистикалық парадигмасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 152–158. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph20

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають