Қоғамдық эвфемизмдердің маңызы және олардың британдық және қазақстандық баспасөздегі қолданысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph22
        120 110

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – қазақ тілінде қолданылатын қоғамдық эвфемизмдерді зерттеу. Мақала табу сөздердің эвфемизмдермен байланысына шоғырланады. Эвфемизм – бұл қоғамдағы табу сөздердің мәселесін шешуге көмектесетін маңызды құрал. Табу көптеген ғасырлар бұрын түрлі мәдениеттердің әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінен шыққан. Мақалада қоғамдық эвфемизмдердің қазақ мәдениетінде қолданылу ерекшеліктері көрсетілген. Эвфемизмдер алмастырма сөздердің белгілі бір санатын ұсына отырып, табу сөздердің тікелей айтылуына жол бермеуге көмектеседі. Эвфемизмге қатысты әртүрлі көзқарастар және әртүрлі ғалымдардың осы құбылысқа көзқарас пікірлері ұсынылған. Мақалада белгілі бір жағдайларда кездесетін эвфемизмдердің мағыналары сипатталған. Талдаудың мақсаты: қазіргі британдық және қазақстандық газеттерде және интернет – газеттерде қолданылатын қоғамдық эвфемизмдерді анықтау және олардың неге қолданылатындығын зерттеу. Автор британдық және қазақстандық баспасөздерде қолданылатын кейбір эвфемизмдерді талдайды. Сонымен қатар автор ағылшын баспасөзіндегі эвфемизмдерді қазақ баспасөзіндегі эвфемизмдермен және олардың негізгі мағыналарын салыстырады. The Guardian, The Telegraph, Express, Independent онлайн газеттеріндегі және «Kazinform», «AqJol» және Қазақстан Zaman қазақ газеттеріндегі қоғамдық эвфемизмдер талқыланады.

Жүктелулер

Как цитировать

Тоxanbayeva R. K., & Kenzhehanova, K. K. (2021). Қоғамдық эвфемизмдердің маңызы және олардың британдық және қазақстандық баспасөздегі қолданысы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 166–173. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph22